"Оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" атты вебинары
2021 жылғы 24 қараша күні мектеп қалашығының мүшесі Маржан Абылкасова және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.К.Чегибаева ҚР БжҒМ РОӘО мен ұйымдастырған "Оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" атты вебинарына қатысты. Вебинарда жемқорлықпен күресу проблемасы аса өзекті проблема болып табылатыны туралы және бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды екендігі айтылды. Маржан, әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу керектігін, балаларға бала кезінен сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет қалыптастыру жолында мектептің Адалдық клубтарының қолында екенін жақсы түсінетінін атап өтті. Мектеп қалашығы да өз үлесін қосып, осы бағытта жұмыс жасайтындарын сендірді.

