"Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Бұл жолдау президентіміздің үшінші әрі кезекті жолдауы.
Мектеп ұжымы жолдауды тыңдап, оған қатысты өз пікірлерін білдірді.
Әдеттегідей, президентіміз жолдадауында бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғап өтті. Жолдау барысында коронакризис кезіндегі азаматтарымыздың өміріне және олардың денсаулығына қатысты мәселелерді, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық, цифрландыру, білім,ғылым мәселелеріне басымды көңіл аударды.
Миллионнан астам адамға азық-түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілді. «Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз ету мен тәрбие беруге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз,-деді Қ Тоқаев.
Әлемде қалыптасқан жаһандық экономикалық кризисті басты назарға алған президентіміз еліміздің одан әрі дамуына аса қажетті саяси стратегиялық мақсаттарды алға тартты.
Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру, мамандықты дұрыс таңдауы, олардың жаңашыл бағыттағы жұмыстарына тиісті баға беріп, сыйлықтар тағайындау секілді мәселелер көтерілді. Осынау адамзаттарға ортақ құндылықтарға жас ұрпақты ынталандыру педагогтар мен жанұяның міндеті. Сондықтан мемлекет педагогтардың мәртебесін арттырып, оларға қолдау көрсете бермекші.
Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерге басымдылық берілген бүгінгі жолдауда қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау саласын, ғылымды дамыту сияқты мәселелермен қатар мәдениет және өнер саласына қатысты мәселелер де сөз болды.

