Қамқоршылық кеңес құру туралы Хабарландыру
«Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ-нің әкімшілігі Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру
туралы және оның құрамын құру бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес – білім беру
ұйымдарында алқалы орган болып табылады және оның қызметін және дамуын
қамтамасыз етуге ықпал жасау мақсатында құрылады.
Шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау
органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері,
коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе
заңды өкілі.
Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау
тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.07.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес
Қамқоршылық кеңес құрамы бойынша ұсыныстар күтеміз. Ұсыныстар
хабарландыру шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.
Қабылдау бөлімі тел/ факс: 8(72236) 91661
Электрондық адрес: shkolabesk@mail.ru
«Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ-нің директоры Гульзифа Кабыкеновна Тилеубекова + 77773316774
Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Газиза Кайсиновна Чегибаева +77781803314

