Алғашқы қоңырау мерекесі
2019 жылдың 1 қыркүйек күні Үлкен Владимировка орта мектебі - білім ордасында алғашқы қоңырау мерекесі өтті. Мектеп іші түрлі- түсті шарлармен, жалаушалармен көмкеріліп, ерекше бір сұлулыққа бөленді.
Жүргізушілер мереке қонақтарымен таныстырып, білім отауының табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерді және олардың алғашқы ұстаздары Ж.Р.Нұрсағатова мен А.К.Мукатаеваны ортаға шақырылады.
Осы мерекеде Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ж. Баталов және әділет бөлімінің басшысы, мектепшілік ата-аналар комитетінің төрайымы Г.М. Мирашева, қамқоршылық кеңестің төрағасы Қ.С. Асылханов құрметті қонағы болды.
Сөз кезегін жүректері лүпілдеп, тағатсызданып тұрған 1 сынып оқушылары алып, олар өздерінің мектепке деген махаббаттарын өлең жолдарымен жеткізді.
Қадамдарың оң болсын, еліміздің жарқын болашағы демекпіз!

Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова

