02
ноябрь
2018
Қоғамдық тыңдаулар
2018 жылдың 2 қараша күні Үлкен Владимировка орта мектебінде қоғамдық тыңдаулар өтті. Жиналысқа әр сыныптың ата-аналар төрағасы мен аудандық білім беру бөлімінің басшысы С. Қ. Омарғазин, Бесқарағай ауылдық округінің әкімі Р.Б.Байгабылов және әділет бөлімінің басшысы, мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Г.М. Мирашева қатысты.
Жиналыс барысында мектеп директоры Г.К.Тилеубекова және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Е.Мухаметжанова өткен оқу жылы бойынша және биылғы жылдың I тоқсаны бойынша өз есептерін берді.
Ата-аналар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.
Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова

