1-ҚЫРКҮЙЕК –БІЛІМ КҮНІ
2017 жылдың 2 қыркүйек күні сағат 10.00 де Үлкен – Владимировка
орта мектебінде алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Алғашқы сынып сағаттары
«Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбында өткізілді.
Мектеп директоры Гулзифа Қабыкенқызы Тилеубекова сөз сөйлеп мерекені ашты. Биылғы жылы 1 сыныптың 45 оқушысы, даярлық топтың 42 тәрбиеленушісі мектеп табалдырығын аттады. 1 «А» сыныбының жетекшісі Р.И. Сагадиева, 1 «Ә» сыныбының жетекшісі М.А. Құдайбергенова.
Мерекенің құрметті қонағы Бесқарағай ауданы әділет басқармасының басшысы, жалпы мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Гулмира Мелисовна Мирашева құттықтау сөзінде өз жылы лебіздерін білдірді.
Ата-аналардың атынан 1-сыныпқа немересі Оразбеков Ильясты әкеліп отырған әжеміз Үміт Кайргалиевна Мирашева ұстаздар қаумына жұмыстарында табыс, ал оқушыларға ақ жол тіледі. Алғашқы қоңырау соғу құрметіне 11 сыныптың «Алтын белгі» үміткерлерімен 1 сынып оқушылары ие болды.
Мереке жақсы көңіл күйде соңына жетті.



