13
сентябрь
2018
Алғашқы қоңырау мерекесі
2018 жылдың 1 қыркүйек күні Үлкен Владимировка орта мектебі - білім ордасында алғашқы қоңырау мерекесі өтті. Мектеп іші түрлі- түсті шарлармен, жалаушалармен көмкеріліп, ерекше бір сұлулыққа бөленді.
Жүргізушілер мереке қонақтарымен таныстырып, білім отауының табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерді және олардың алғашқы ұстаздары Б.Т.Калиясова, С.А.Аханованы ортаға шақырды.
Осы мерекеде Бесқарағай аудан әкімінің орынбасары Б.Ж. Баталов және әділет бөлімінің басшысы Г.М. Мирашева құрметті қонағы болды.
Сөз кезегін жүректері лүпілдеп, тағатсызданып тұрған 1 сынып оқушылары алды.
11 сынып оқушылары іздерін басып келе жатқан жас ұланға тілек білдірді.
Қадамдарың оң болсын,
еліміздің жарқын болашағы демекпіз!

Директор школы: Тилеубекова Г.К.

