19
ноябрь
2018
Мектепішілік олимпиада қорытындысы
2018 жылғы 19 қарашада Үлкен Владимировка мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасында өткен мектепішілік олимпиада қорытындысы бойынша лездеме өтті. Олимпиадаға 100 оқушы қатысты. Жеңімпаз оқушылар мектеп директорының грамотасымен марапатталды. Бірінші орынға ие болған оқушылар аудандық турға жолдама алды. Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиаданың барлық қатысушыларына, ұстаздарына келешекте табыс тілейміз!
Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова

