«Тілім менің тірегім, соғып тұрған жүрегім!»
2018 жылдың 13 қыркүйек күні Үлкен Владимировка орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне арналған «Тілім менің тірегім, соғып тұрған жүрегім!» атты он күндіктің ашылуына байланысты лездеме өтті.
Лездеменің ашылу салтанаты мемлекеттік әнұранның орындалуымен және мектеп директоры Г.К. Тилеубекованың құттықтау сөздерімен басталды. Пән мұғалімдері Б.Р. Агибаева, Т.Н. Жумашева, Д.Д.Есенаманова үштілділіктің бүгінгі таңдағы маңызы мен рөліне тоқталып кетті. Осыдан кейін тілді насихаттау негізінде 5-9 сынып оқушылары үштілде белгілі ақындарымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Онкүндікке мектеп оқушыларын белсене қатысу мақсатында өткізілетін іс-шаралар бағдарламасы таныстырылды. Лездеме халықтар достығына арналған әсем әнмен аяқталды.

Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова

