Отбасы күні
2018 жылдың 10 қыркүйек күні Үлкен Владимировка орта мектебінде «Отбасы – бақыт мекенім» атты 5-11-сыныптардың қатысуымен лездеме өтті.
Мақсаты:оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, оның құндылықтарының маңызын дәріптеу. Осы мақсатты көздеген лездеме ән ұранмен басталды. Мектеп директоры Г.К.Тилеубекова мерекемен құттықтап, әр отбасы баласымен баққытты дей келе, отбасындағы баланың рөлін айтып, оқушыларға оны бағалауға, құрметтеу керектігін оқушылар санасына сіңіртіп, жылы лебізін білдірді.
Мектеп психологы А.Н.Рустемова Отбасы – құндылықтарының маңызын баса айтып, түсіндіріп кетті. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ерланбек Жайнаның ұйымдастырған әдеби –монтажымен жалғасты.
Лездеме өз мақсатына жетіп, 6 сынып оқушыларының «Анажаным » әні орындалуымен аяқталды.

Мектеп директоры Г.К.Тилеубекова

