«Қамқоршылар күні» аталып өтті.
2017 жылдың қазан айының 26 күні Үлкен Владимировка орта мектебінде Қамқоршылар күні аталып өтті.
Мектебіміздегі «Қамқоршылар күні» атты мерекелік концерттің мақсаты – қамқоршы ата – аналарды марапаттау, мектеппен байланыстарын нығайту, мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Мерекелік концертте мектеп директоры Г.К.Тилеубекова қамқоршы ата - аналарды қамқорсыз қалған балаларды тәрбиелеудегі мейірімділіктері үшін алғыс хаттармен марапаттап, қонақтарға денсаулық және ұзақ өмір тіледі.
Мерекелік концерттің қонағы жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Асылова Баян Қалыбекқызы шақырылды. Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға мейірім шуағын төгіп, жанашырлық танытатын жандар арамызда аз емес деп жақсы тілектер айтып, қамқоршы ата – аналарды марапаттады.
Ата-ананың қамқорынсыз қалған оқушыларымызға психологиялық көмек көрсетіп қана қоймай, мейірімділік танытып, үнемі сырласып жүретін мектеп психологы Г.К.Камзинаның ұйымдастыруымен өткен концертіміздің әсем әндері қонақтарымыздың көңілінен шығып, жақсы әсер қалдырды.



