Тұңғыш Президент тарихы - мәдениет мұражайына” онлайн саяхат сабағы
Тұңғыш Президент тарихы - мәдениет мұражайына” онлайн саяхат сабағы.
Мақсаты: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздік алғалы бергі 30 жыл ішінде еншілеген ұлан ғайыр табыстары, елім деп еткен ерен еңбегімен және тұңғыш Президент мұражайы туралы терең таныстыру. Оқушыларға елбасының еңбегін құрметтеуге үйрету. Еңбек жолын үлгі ету. Оқушылардың өз Отанын сүюге, тілін, дінін, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын жалғастыруға тәрбиелеу. Саяхат сабағы барысында Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің мұражайының тарихы, коллекциялары туралы танысты. Шатасқан әріптер ойынын ойнап, оқушылар шатасқан әріптерден елімізге қатысты тәуелсіз ел іргесіндегі жаңалықтарды құрастырып жазды. Балалар рәміздердің, ұлттық теңгенің бекітілгендігі туралы және тағы басқа жаңалықтарын тізбектеп атап жатты. Қазақстанның Тәуелсіздік алғалы бері 30 жыл ішінде еншілеген ұлан ғайыр табыстары Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев елім деп ерен еңбегінің нақты нәтижесі, жарқын көрінісідеп оқушылар өздерінің пікірлерін айтып, жоғары баға беріп жатты.

