Нұрлыбек Баймұратовтың мұражайына саяхат
2018 жылдың 30 қазан күні Үлкен Владимировка орта мектебінің «Мәңгілік Ел» тәрбие-білім кабинет жетекшісі А.К. Даулетбаева ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Д. Есенаманова және 5 «А», 5 «Ә» және 6 «Ә» сынып оқушылары Бесқарағай аудынының Қарағайлы ауылындағы Нұрлыбек Баймұратов атындағы мұражайға саяхатқа барды. Мұражайдың жетекшісі балаларға ақын Нұрлыбек Баймұратовтың өмірбаяны, шығармашылық жолы туралы көп мағлұмат берді. Мұғалімдер мен балалар мұражайдың жетекшісіне өз ризашылықтарын білдіріп, естелік фото суретке түсті. Сонымен қатар экскурссия барысында Бесқарағай ауданының Букебай аулының маңында орналасқан қарағай және басқа да ағаштарды отырғызып өсіретін тұқымбағын аралап, демалыс аймағында серуендеп қайтты.
Мектеп директоры Тилеубекова Г.К.

