«Тәуелсіздік жетістіктері»
14 қыркүйек күні мектебіміздің 5 а сынып оқушыларына : «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тақырыбында жалпы Республикалық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды Тәуелсіздік жетістіктерімен терең таныстыру. Тәрбие сағаты барысында ұйымдастырушылық кезеңнен кейін ән ұран орындалды. «Ой ашар» сұрақ – жауап әдісі негізінде оқушыларға сұрақтар қойылды. Оқушылар танымдық «Тәуелсіздікке жол» атты бейне-ролик тамашалады. Оқушыларымыз Арай мен Нұрайым Тәуелсіздік жетістіктері,Тәуелсіздік туралы ой бөлісті. Парасат Уағда-мектебімізге халық қаһарманы Қ.Рысқұлбековтың есімі берілгендіктен өз дайындаған «Желтоқсан құрбаны - Қайрат Рысқұлбеков» атты презентациясын Қ.Рысқұлбековқа арнады. Сыныбымыздың үздік оқушысы Теміржанның Тәуелсіздік жайлы толғанысқа толы өлеңдері көңілімізді тербетті. Гүлнур, Фатима, Ислам,Алихан, Алинур сияқты оқушылар егемен еліміздің келешегі туралы өз ойларын өрбітті. Ислам,Камила,Уағда,Арай Тәуелсіздікке 30 жыл тақырыбына арнаған суреттерінің мағынасын ашып жатты. Амина,Алихан,Көркем деген оқушыларымыз ел тарихы, туған өлкенің мемлекеттік рәміздерін қадірлейтінін байқатты.Тәрбие сағатының соңы мақал – мәтелдердің (тәуелсіздік туралы) мағынасын ашу әдісімен қорытындыланды. #QAZAQSTAN30

