«Біз батырлар ұрпағымыз» » "№ 1 жалпы білім беретін ОМ" КММ
"Қайрат Рысқұлбеков ат. ОМ"
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
Абай облысы
Бесқарағай аудынының білім беру бөлімі
Приемная:
+7 (72236) 9 16 61
Бухгалтерия:
+7 (72236) 9 06 36
Версия
для слабовидящих
"Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі" КММ-нің Ресми сайтына қош келдіңіз!               Добро пожаловать на Официальный сайт КГУ "Средней школы имени Кайрата Рыскулбекова"
» » «Біз батырлар ұрпағымыз»
04
май
2022

«Біз батырлар ұрпағымыз»

Бесқарағай аудандық кітапханада 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына - 30 жыл толуына орай «Біз батырлар ұрпағымыз» танымдық патриоттық сағаты өтті. Іс-шараға Қ. Рысқұлбеков атындағы мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны қарулы күштері туралы бейне фильм көріп тамашалады. «Қыран» және «Сұңқар» тобына бөлініп, білімдерін, жылдамдықтарын, мергендіктерін, күштерін көрсетіп жарысты. Дұрыс жауап беріп, алға шыққан әрбір топ погондарына жұлдызшалар жинады.