17
сентябрь
2018
Денсаулық фестивалі
2018 жылдың 15 қыркүйек күні Бесқарағай ауданының орталық аланында отбасы апталығының аясында Үлкен Владимировка орта мектебінің оқушылары және мұғалімдер арасында Астананың 20 жылдығы және Бесқарағай ауданына 90 жыл толуына орай денсаулық фестивалі өтті.
Осы іс-шараға мектептін 1-11 сынып оқушылары және мұғалімдері қатысты.
Қатысушылар сапқа тұрып дене қыздыру жаттығуларын жасады. Бағдарлама жоспарында 4Х100м эстафетасы, пионербол, мини-футбол, баскетбол және арқан тартыстан тұрды. Оқушылар өткен сайысқа белсенділіктерін көрсете білді, өте жақсы әсер алды. Жарыстың сонында жеңімпаздар марапатталды.

Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова

