25
апрель
2019
«Латын қарпі» тақырыбындағы дебат
2019 жылғы 24 сәуір
күні Жастар ресурстық орталығы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе Үлкен
Владимировка орта мектебінің «Мәңгілік Ел» кабинетінде 10- сынып оқушыларының
қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу заман талабы» атты пікір сайыс өткізді.
Іс-шараның мақсаты: тақырыптың мәнін ашу, мазмұнын түсіндіру, нақты
дәлеледермен жауап бере отырып өз пікірін қорғай білуге және сөйлеу мәнерін
қалыптастыруға үйрету.
Дебат барысында ойынға қатысушылар құнды пікірлер айтып, өз ойларын жетік
жеткізе білді.
Іс- шара соңында Жастар ресурстық орталығының директоры қатысқан сыныпты алғыс
хатпен марапаттады.
Мектеп директоры Г.К. Тилеубекова

