«Заңды білу-заман талабы» тәрбие сағаты » "№ 1 жалпы білім беретін ОМ" КММ
"Қайрат Рысқұлбеков ат. ОМ"
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
Абай облысы
Бесқарағай аудынының білім беру бөлімі
Приемная:
+7 (72236) 9 16 61
Бухгалтерия:
+7 (72236) 9 06 36
Версия
для слабовидящих
"Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі" КММ-нің Ресми сайтына қош келдіңіз!               Добро пожаловать на Официальный сайт КГУ "Средней школы имени Кайрата Рыскулбекова"
» » «Заңды білу-заман талабы» тәрбие сағаты
15
октябрь
2018

«Заңды білу-заман талабы» тәрбие сағаты

2018 жылдың 15 қазан күні Үлкен Владимировка орта мектебінің «Мәңгілік Ел» тәрбие-білім кабинет жетекшісі А.К.Даулетбаеваның ұйымдастыруымен «Заңды білу-заман талабы» атты тәрбие сағаты өтті. Сынып сағатқа 6 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Айжан Қожанбекқызы оқушыларға «заң», «құқық», «жауапкершілік» терминдерінің мәнін ашып, ҚР 2002 жылдың тамыз айында қабылданған «Бала құқығы туралы» заң бойынша мәлеметке тоқталып кетті. Тәрбие сағаттың қонағы Бесқарағай АІІБ-нің кәмелетке толмаған істері бойынша полиция аға лейтенанты Ақнұр Ерсінқызы Қозыбақова оқушыларға заң бұзушылық, құқықтық жауапкершілік және құқықбұзушылықтың алдын алу туралы мәлемет берді.Осы іс-шара Бесқарағай АІІБ-не экскурсиялық саяхатпен жалғасты. Экскурсия барысында мектеп инспекторы Ақнұр Ерсінқызы АІІБ-нің кезекші бөлімі, уақытша ұстау изоляторы, учаскілік полиция инспекторларының кабинетімен полиция автокөлігін көрсетіп таныстырды. Экскурсия соңында мектеп инспекторы Ақнұр Ерсінқызы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, болашақта балаларға еліміздің салихалы тәрбиелі ұрпақ болуларына өз лебізін білдірді.

 

Мектеп директорының м.а. Мухаметжанова Ш.Е.