“IQanat” республикалық олимпиада » "№ 1 жалпы білім беретін ОМ" КММ
"Қайрат Рысқұлбеков ат. ОМ"
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
Абай облысы
Бесқарағай аудынының білім беру бөлімі
Приемная:
+7 (72236) 9 16 61
Бухгалтерия:
+7 (72236) 9 06 36
Версия
для слабовидящих
"Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі" КММ-нің Ресми сайтына қош келдіңіз!               Добро пожаловать на Официальный сайт КГУ "Средней школы имени Кайрата Рыскулбекова"
» » “IQanat” республикалық олимпиада
13
март
2019

“IQanat” республикалық олимпиада

2019 жылдың 12 наурыз күні Үлкен Владимировка орта мектебінде ғылыми білімдерді насихаттау және оқушылардың, білім алуышлардың ғылыми іске қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау мақсатында өткен IQanat пәндер олимпиадасының 1 кезеңі өз мәресіне жетіп, 2 кезеңге жолдама алған оқушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімін «IQanat» республикалық олимпиадасының аудандық үйлестірушісі - Руфия Ногайшиновна Кисамиева және мектеп директоры – Г.К.Тилеубекова өткізді.

Жалпы аудан бойынша 18 мектептің 167 оқушысы қатысып, 11 мектептің 37 шәкірті 2 кезеңге өтті. Соның ішінде біздің мектептің 13 оқушысы физика, математика, ағылшын тілі және эссе пәндері бойынша «IQanat» олимпиадасының II кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Шәкірттерге сәттілік тілейміз!

Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова