«IQanat» республикалық олимпиадасы
2018 жылдың 20 желтоқсан күні Үлкен Владимировка орта мектебінде Бесқарағай ауданының 9 сынып оқушылары арасында «IQanat» республикалық олимпиадасының 1 тур іріктеу кезеңі өтті.
Бағдарлама мақсаты - ауыл мектептерінің оқушыларын ұлттық және шетел университеттеріне түсулері үшін қолдау, ынталандыру болып табылады.
Олимпиаданың ашылу салтанаты мектептің акт залында қазақ аспаптар оркестрінің ансамблімен ашылды.
Ашылу салтанатының құрметті қонақтары Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ж.Баталов, білім беру бөлімінің бастығы С.Қ.Омаргазин қатысты. Олимпиаданы ұйымдастырып отырған облыстық және аудандық үйлестірушілері А.А.Матабаева мен Р.Н.Кисамиева оқушыларға олимпиаданың 2-ші турына өтуіне өзінің тілегін білдіріп, сәттілік тіледі.
Олимпиадаға Бесқарағай ауданы бойынша 167 оқушы қатысты.
Бірегей білім сайысы 4 пән бойынша өткізілді: математика, физика, ағылшын тілі, эссе жазу. Оқушы өз қалауымен 1 немесе 2 бағытты таңдады.
Олимпиаданы IQanat қорының үйлестірушілері жүргізді.
Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова

