«Тәуелсіздік жетістіктері» » "№ 1 жалпы білім беретін ОМ" КММ
"Қайрат Рысқұлбеков ат. ОМ"
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
Абай облысы
Бесқарағай аудынының білім беру бөлімі
Приемная:
+7 (72236) 9 16 61
Бухгалтерия:
+7 (72236) 9 06 36
Версия
для слабовидящих
"Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі" КММ-нің Ресми сайтына қош келдіңіз!               Добро пожаловать на Официальный сайт КГУ "Средней школы имени Кайрата Рыскулбекова"
» «Тәуелсіздік жетістіктері»
01
сентябрь
2021

«Тәуелсіздік жетістіктері»

Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің 5  «А» сынып оқушыларына 1 - қыркүйек білім күнінде «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаты өтті.

 Бірінші әнұран орындалып,сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында "Жүректен жүрекке"тренинг өткізілді.Жазғы демалыстан бірін- бірі сағынған оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтты.

 Келесі кезекте еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері бойынша "Тәуелсіздік жетістіктері"атты бейне-ролик тамашаланды. Елімізге қатысты сұрақтардан құралған «Алтын сандық» лоторея ойнатылып, оқушыларға әр дұрыс жауапқа оқуға қажетті заттар сыйға берілді. 

  Қазақ жерінің кең байтақ екенімен мақтана отырып, жер көлемі бойынша әлемде 9 орында тұрғаны айтылып, «Мозайка» әдісімен сұрақтарға жауап беру арқылы Қазақстанның картасы құрастырылды. Балалар осындай тамаша мереке күнінде еліне, жеріне деген жақсы тілектерін бейбітшілік,ашық аспан символы ақ қағаздан жасалған көгершіндерге тілектерін жазып,тілектерін   айтты. Қазақ елінің картасын қызыға құрастырып, аспанын тілектерге толы  көгершіндермен толықтырып, балалар тамаша көңіл күймен қайтты. Осы тәрбие сағатымызды еліміздің  30 жылдығына арнаймыз.