Информация » Страница 38 » "№ 1 жалпы білім беретін ОМ" КММ
"Қайрат Рысқұлбеков ат. ОМ"
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
Абай облысы
Бесқарағай аудынының білім беру бөлімі
Приемная:
+7 (72236) 9 16 61
Бухгалтерия:
+7 (72236) 9 06 36
Версия
для слабовидящих
"Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі" КММ-нің Ресми сайтына қош келдіңіз!               Добро пожаловать на Официальный сайт КГУ "Средней школы имени Кайрата Рыскулбекова"
5 «А» сынып оқушыларына «Буллинг және оның алдын-алу» атты тәрбие сағаты
11
ноябрь
2021
5 «А» сынып оқушыларына «Буллинг және оның алдын-алу» атты тәрбие
Мектебіміздің 5 «А» сынып оқушыларына «Буллинг және оның алдын-алу» атты тәрбие сағаты. Мақсаты : «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу,  таныту. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу. Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Құқық бұзушылық алдын – алу кеңесінің отырысы өткізілді.
11
ноябрь
2021
Құқық бұзушылық алдын – алу кеңесінің отырысы өткізілді.
2021 жылғы 11 қараша күні «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық айлық акция аясында Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің құқық бұзушылық алдын – алу кеңесінің отырысы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен кәмелетке толмағандардың құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту, қылмыстың алдын алуға байланысты жоспар бойынша өтіп жатқан іс-шараларға сараптама жасау.
Тоғыз құмалақ аудандық турнирі
11
ноябрь
2021
Тоғыз құмалақ аудандық турнирі
2021 жылғы 11 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеу аясында, тоғыз құмалақ аудандық турнирінде Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Садыков Бақытбек Қажыбаевич 2 орынды, 9 «Ә» сынып оқушысы Балқаш Балдырған 3 орынды иеленді. 
6 «Ә» сыныбының орындауында «Аяз би»
11
ноябрь
2021
6 «Ә» сыныбының орындауында «Аяз би»
«Театр күні» 2021 жылы 11 қараша күні Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінде театр сабақтары жобасын іске асыру мақсатында орта буын сыныптарында 6 «Ә» сыныбының орындауында «Аяз би» атты қойылым көрсетілді. Мақсаты: оқушылардың ауызекі тілін дамыту, әртістік қабілетін ашу, сахнада өзін еркін және тәуелсізұстауға мәдени этика тұрғысынан тәрбиелеу. Үйірме жетекшісі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмагазина Газиза Төлеугалиева. 
"Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі"
05
ноябрь
2021
"Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Бұл жолдау президентіміздің үшінші әрі кезекті жолдауы.  Мектеп ұжымы жолдауды тыңдап, оған қатысты өз пікірлерін білдірді. Әдеттегідей, президентіміз жолдадауында бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғап өтті. Жолдау барысында коронакризис кезіндегі азаматтарымыздың өміріне және олардың денсаулығына қатысты мәселелерді, сондай-ақ
"Менің берік отбасым"
24
октябрь
2021
"Менің берік отбасым"
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің Отбасы күніне арналған апталық аясында  1-4 сыныптар арасында "Менің берік отбасым" атты сурет көрмесі өтті.
"Отбасы-Бақыт мекені" атты сынып сағаты
22
октябрь
2021
"Отбасы-Бақыт мекені" атты сынып сағаты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 6"ә" сыныбында "Отбасы-Бақыт мекені" атты сынып сағаты өтті.
Жұмашева Толқын Нұрғалиевна “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды.
22
октябрь
2021
Жұмашева Толқын Нұрғалиевна “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды.
Мектебіміздің білім беру жолындағы қажырлы еңбегі үшін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі   Жұмашева Толқын Нұрғалиевна “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды.
"Обасы-Бақыт мекені" атты сынып
13
октябрь
2021
"Обасы-Бақыт мекені" атты сынып
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 5’’ә" сыныбында "Обасы-Бақыт мекені" атты сынып сағаты өтті.   Мақсаты: Оқушыларды сүйіспеншілік пен бірлікке баулу.Отбасы қасиетті орын екендігін түсіндіру.
Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келгeн күні
02
октябрь
2021
Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келгeн күні
Қазақтың ақыны ,әдебиет зерттеуші ғалым, педагог,публицист,қоғам қайраткері ,қазак тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым,ағартушы  Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне орай Айымгүл Бауыржанқызы Қайрханова оқушыларға ақынның өмірбаяны, еңбектерімен таныстырып , ақпарат берді .