Мектепалды даярлық 0 "Ә" сыныбында Даярлығым, қош бол" атты
Мектепалды даярлық 0 "Ә" сыныбында Даярлығым, қош бол" атты ертеңгілік өтті. Мақсаты: Оқушылардың жыл бойғы алған білімдерінің, үйренген өнер мен жұмыстарының нәтижесін көрсету, сөздік қорын, тілін, ой - өрісін кеңейту. Отан сүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеу. Ертеңгілік мектеп директоры Г. Қабыкенқызының құттықтау сөзімен басталып, балалардың әндерін орындап, билерін билеп, жаттаған тақпақтарын айтуымен жалғасты. Ертеңгілік соңында даярлық сынып түлектеріне мадақтама табысталды.