📌 Құрметті мектеп бітіруші түлектер және ата-аналар! » "№ 1 жалпы білім беретін ОМ" КММ
"Қайрат Рысқұлбеков ат. ОМ"
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
Абай облысы
Бесқарағай аудынының білім беру бөлімі
Приемная:
+7 (72236) 9 16 61
Бухгалтерия:
+7 (72236) 9 06 36
Версия
для слабовидящих
"Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі" КММ-нің Ресми сайтына қош келдіңіз!               Добро пожаловать на Официальный сайт КГУ "Средней школы имени Кайрата Рыскулбекова"
» » 📌 Құрметті мектеп бітіруші түлектер және ата-аналар!
12
май
2025

📌 Құрметті мектеп бітіруші түлектер және ата-аналар!

📌 Құрметті мектеп бітіруші түлектер және ата-аналар!

🎓 Алдағы мектеп бітіру кешіне және қорытынды іс-шараларға байланысты мектеп әкімшілігі тарапынан келесі талаптар мен шектеулер енгізілгенін хабарлаймыз:

✅ Талаптар:
Мектеп формасы немесе ресми киім үлгісі міндетті.

Ұлдарға: классикалық костюм, ақ көйлек, қара аяқ киім.

Қыздарға: ұзындығы тізеден төмен, жабық иықты, классикалық үлгідегі көйлек.

Сабаққа, қорытынды емтихандарға, соңғы қоңырау мен бітіру кешіне толық қатысу.

Мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, қоғамдық тәртіп пен әдеп ережелерін сақтау.

Бітіру іс-шараларына тек мектеп бекіткен уақытта және тәртіппен қатысу.

‼️Тыйым салынады:

❌Бітіруші 4 және 9-11 сынып оқушыларынан мектеп қажетіне ақша жинау;
❌Аниматорлар , студиялар мен агенттіктерді шақыру;
❌Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру;
❌Мектептің ішкі жөндеу жұсыстарына қажетті заттар үшін қаражаттар жинау;
❌Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы, ойын-сауық ,мейрамзана, саябаққа баруы;
❌Қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастарқан ұйымдастыру;
📌Мақсаты: Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділлікті сақтау үшін енгізілді.

🔔 ЕСКЕРТУ:
Қауіпсіздік сақтау мақсатында барлық іс-шаралар мектеп әкімшілігі және құқық қорғау органдарымен бірлесе ұйымдастырылады.

📣 Құрметті түлектер, өздеріңіздің соңғы мектеп күндеріңіздің жарқын әрі есте қаларлықтай өтуі өздеріңізге байланысты! Тәртіп пен мәдениет — біздің ортақ абыройымыз.

Құрметпен,
“Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі” КММ-нің директоры Н.А.Еркинбаева