Конкурс өткізу туралы хабарландыру » "№ 1 жалпы білім беретін ОМ" КММ
"Қайрат Рысқұлбеков ат. ОМ"
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
Абай облысы
Бесқарағай аудынының білім беру бөлімі
Приемная:
+7 (72236) 9 16 61
Бухгалтерия:
+7 (72236) 9 06 36
Версия
для слабовидящих
"Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі" КММ-нің Ресми сайтына қош келдіңіз!               Добро пожаловать на Официальный сайт КГУ "Средней школы имени Кайрата Рыскулбекова"
» » Конкурс өткізу туралы хабарландыру
05
сентябрь
2024

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

1. Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Елистратов көшесі 3 үй мекенжайы бойынша орналасқан, телефон нөмірлері 8(72236)90644, 8(72236)91661, электрондық пошта мекенжайы: Shkolabesk@mail.ru, Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша бос орынға конкурс жариялайды.
2. Негізгі функционалдық міндеттері: жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;       тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;       білім алушылардың спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады;       баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;       жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;       ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады;       білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді;       білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;       еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.
Еңбек ақы: 140 000 бастап 160 000 теңгеге дейінгі мөлшерде (жұмыс өтіліне, біліміне, біліктілік санатына байланысты) интернаттық ұйым тәрбиешісінің уақытша бос лауазымы.
3. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) жұмыс өтіліне талап қойылмайды;       
және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;       
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
Кәсіби құзыреттіліктіі айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:       
1) "педагог": білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға тиіс; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға тиіс; білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуге; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысуға; білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруға; кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалануға; сандық білім беру ресурстарын қолдануға тиіс;       
2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға тиіс, сондай-ақ: оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдануға; білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауға; білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс;       
3) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға тиіс, сондай-ақ: ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалануға; тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындауға; аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауға; аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуға тиіс;       
4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға тиіс, сондай-ақ: сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалануға; білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуге; аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыруға және даму стратегиясын айқындауға; облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтауға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);       
5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға тиіс, сондай-ақ: облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы немесе басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы; ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі; тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлауға; республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындауға тиіс.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05.09.2024 жылдан бастап 13.09.2024 жылға дейін.
5. Қажетті құжаттар тізбесі "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;       
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);       
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);       
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;       
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);       
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).      
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;       
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;      
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);       
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.       
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.       
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.       
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
6. Уақытша бос лауазымының мерзімі: Тәрбиеші, негізгі маман, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыстан шыққанға дейін.


konkurs-tkzu-turaly-habarlandyru-trbiesh-internat.doc [19,72 Kb] (cкачиваний: 3)
Посмотреть онлайн файл: konkurs-tkzu-turaly-habarlandyru-trbiesh-internat.doc