20
октябрь
2023
"Арайлы күз" атты бастауыш сыныпар арасында мерекелік ертеңгілік өтті
Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінде "Арайлы күз" атты бастауыш сыныпар арасында мерекелік ертеңгілік өтті. Мақсаты: Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың күз мезгілінің кереметіне деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ертеңгілік барысында әсем әндер айтылып, мың бұралған бишілердің өнерлері тамашаланды. Сонымен қатар ата-аналардың көмегімен жасалған киім үлгілеріне тәнті болып, сыныптар арасында "Күз ханшайымы" анықталды.










