13
сентябрь
2021
ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы бойынша үгіт-насихат жұмысы жүргізілді.
2021 жылдың 13 қыркүйегі күні Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінде ZOOM платформасы арқылы Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Баталов Б.Ж, Бесқарағай аудандық маслихат хатшысы Абылғазинова М.Р және Бесқарағай аудандық кітапханасының директоры Алпыспаева Ж.Ж қатысуымен мектеп ұжымына ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы бойынша үгіт-насихат жұмысы жүргізілді. Отырысқа қатысқан ұстаздар өз ойларын ортаға сала отырып , Президенттің жолдауын қолдайтындықтарын айттып өтті.

