⚜️Наурызнама күнтізбесіне сәйкес ⚜️6 “ ә” сыныбында “Шаңырақ күні” атты тәрбие сағаты өтті. » "№ 1 жалпы білім беретін ОМ" КММ
"Қайрат Рысқұлбеков ат. ОМ"
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
Абай облысы
Бесқарағай аудынының білім беру бөлімі
Приемная:
+7 (72236) 9 16 61
Бухгалтерия:
+7 (72236) 9 06 36
Версия
для слабовидящих
"Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі" КММ-нің Ресми сайтына қош келдіңіз!               Добро пожаловать на Официальный сайт КГУ "Средней школы имени Кайрата Рыскулбекова"
» » ⚜️Наурызнама күнтізбесіне сәйкес ⚜️6 “ ә” сыныбында “Шаңырақ күні” атты тәрбие сағаты өтті.
19
март
2025

⚜️Наурызнама күнтізбесіне сәйкес ⚜️6 “ ә” сыныбында “Шаңырақ күні” атты тәрбие сағаты өтті.

⚜️Наурызнама күнтізбесіне сәйкес ⚜️6 “ ә” сыныбында “Шаңырақ күні” атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларға қазақ халқының ұлттық тағамдары, киім-кешектері мен тұрмыстық бұйымдары туралы түсінік беру.
2.Шаңырақтың маңызын түсіндіру.
3. Оқушылардың топта жұмыс істеу дағдысын дамыту және бірлескен әрекет жасау арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Бұл тәрбие сағаты қазақ халқының ұлттық құндылықтарын таныстыруға арналған. Оқушыларға қазақ халқының ұлттық тағамдары, киімдері, тұрмыстық бұйымдары және әшекейлері туралы ақпарат берілді.
Сабақ барысында оқушылар шаңырақтың қазақ мәдениетіндегі орны мен маңызы туралы түсіндірілді.
Шаңырақ қазақ халқының басты ұлттық символдарының бірі. Оқушыларға шаңырақтың тек үйдің төбесін ғана емес, бүкіл отбасын біріктіретін маңызды белгі екенін түсіндіру. Шаңырақтың қазақтың тұрмысында, мәдениетінде және дәстүрлерінде ерекше орны бар. Оқушылар шаңырақтың жасалу әдісін, оның құрылымын, әрі оны қадірлеу мен құрметтеу туралы түсінік алды.