Амал мерекесі – Көрісy күні құтты болсын! » "№ 1 жалпы білім беретін ОМ" КММ
"Қайрат Рысқұлбеков ат. ОМ"
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
Абай облысы
Бесқарағай аудынының білім беру бөлімі
Приемная:
+7 (72236) 9 16 61
Бухгалтерия:
+7 (72236) 9 06 36
Версия
для слабовидящих
"Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі" КММ-нің Ресми сайтына қош келдіңіз!               Добро пожаловать на Официальный сайт КГУ "Средней школы имени Кайрата Рыскулбекова"
» » Амал мерекесі – Көрісy күні құтты болсын!
15
март
2025

Амал мерекесі – Көрісy күні құтты болсын!

Амал мерекесі – Көрісy күні құтты болсын!
Бүгін - халқымыздың бірлігін нығайтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін күн! Бұл мейрам тек қол алысып, төс түйістіру ғана емес, жүректерді жақындататын, ренішті ұмыттырып, жақсылыққа бастайтын ерекше дәстүр.
Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің ұжымы, Бесқарағай ауданының білім бөлімі және Бесқарағай аудандық прокуратурасы бірлесіп, 15 наурыз қайырымдылық күнінің қарсаңында төрт отбасын Көрісу күнімен құттықтап шықты.
Осы отбасыларға азық-түлік пен қажетті заттар табысталып, жағдайларына көңіл бөлінді. Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларға тек білім ғана беріп қоймай, мейірімділікке, қамқорлыққа және адамгершілікке баулу. Осы күні
баршаңызға молшылық, береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын! Осындай игі бастамалар көп болсын!