22
февраль
2025
“Әке көрген оқ жонар” атты әскери- патриоттық және спорттық ІІ кезеңі өтті.
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің “Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі” КММ-де “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында Даналық клубының “ Әкелер мектебі” мүшелерінің қатысуымен өткен “ Рақмет, сізге әке!” атты әкелер форумының “Әке көрген оқ жонар” атты әскери- патриоттық және спорттық ІІ кезеңі өтті. Сайыс қонақтары болып Бесқарағай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Каирханов Кизат Ногайшинович, ұлағатты ұстаз-ардагер Кургамбаев Нурлан Омирбекович қатысты.Сайыс мектеп директоры Н.А.Еркинбаеваның жылы лебізі мен қонақтарымыздың қатысушыларға сәттілік тілектерімен басталды. Әке рөлінің маңыздылығы мен баласы үшін нағыз үлгі екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік.Сайыс соңында қатысушылар жүлделі орындар мен номинацияларға ие болып марапатталды. Барша ат салысқан ардақты әкелерімізге, оқушыларымыз бен қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз.Еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз! Бірлесе атқаратын жұмыстарымыз жалғасын таба берсін!






