24
декабрь
2024
Қадірлі жерлестер! Бүгін аудан орталығы – Бесқарағай ауылында орналасқан білім беру мекемелеріне арнайы сапар жасап, оқу орындарының жұмыс барысымен таныстым.
Қадірлі жерлестер! Бүгін аудан орталығы – Бесқарағай ауылында орналасқан білім беру мекемелеріне арнайы сапар жасап, оқу орындарының жұмыс барысымен таныстым. Жұмыс сапарым барысында алдымен Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ-не ат барып шықтым. Аталған мектеп 2024 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры, Назарбаев зияткерлік мектептері және “Қазақстан халқына” қорының бірлескен күшімен жүзеге асырылып жатқан “Ауылдық аймақтағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту” жобасына қатысуда. Бүгінгі күні мектептегі аталған жобаның іске асырылуы өте маңызды. Жоба аясында мектепке 250 миллион теңгеге заманауи құрал-жабдықтар алынған. Бұл қаржыға 35 кабинет, оның ішінде жаңа кітапхана, STEM, робототехника, Интеллектум, ART студия, ұлдар мен қыздар шеберханалары, сондай-ақ, мәжіліс залы толықтай жабдықталған. Бұл жаңалықтар оқушылардың білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, “Борас орта мектеп-бақшасы” КММ-не де барып, ондағы балабақша топтарын, тарих, биология, робототехника кабинеттерін аралап көрдім. Мектеп психологымен және балабақша әдіскерімен кездесіп, білім берудің маңызды мәселелері талқыланды Сондай-ақ, спорт залы мен кітапхана кабинеттерінің жағдайымен таныстым.

