КИЕЛІ МЕКЕН: ТАЗАЛЫҚ. ТӘРТІП. МӘДЕНИЕТ » "№ 1 жалпы білім беретін ОМ" КММ
"Қайрат Рысқұлбеков ат. ОМ"
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
Абай облысы
Бесқарағай аудынының білім беру бөлімі
Приемная:
+7 (72236) 9 16 61
Бухгалтерия:
+7 (72236) 9 06 36
Версия
для слабовидящих
"Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі" КММ-нің Ресми сайтына қош келдіңіз!               Добро пожаловать на Официальный сайт КГУ "Средней школы имени Кайрата Рыскулбекова"
» » КИЕЛІ МЕКЕН: ТАЗАЛЫҚ. ТӘРТІП. МӘДЕНИЕТ
19
апрель
2024

КИЕЛІ МЕКЕН: ТАЗАЛЫҚ. ТӘРТІП. МӘДЕНИЕТ

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында аудандық “Достық үйінің” ұйымдастыруымен экологиялық акция өткізілді. Этномәдени бірлестік мүшелері және аудандық “Аналар кеңесінің” мүшелері ескі мешіт маңайын абаттандырды. “Қоршаған ортаға қамқорлық жасап, өскелең ұрпаққа өнегелі істі насихаттауға бағытталған шараға үлес қосу біз мақтаныш”,- деді өз сөзінде “Асыл әжелер” фольклорлық тобының мүшесі Зәмиля Бейсенбайқызы. Игі бастама аясында ұлттық құндылықтарымыз насихатталып, Достық үйі жанынан құрылған «Тұмар -ай» вокалдық тобының мүшелері әннен шашу шашып, акция қатысушыларына көңіл күй сыйлады. Тазалық – біз бен Сізден басталады! Туған жерімізді бірге көркейтейік!

 @besqaragaiaqparat