29
октябрь
2018
Облыстық «Зерде» конкурсы
2018 жылғы 28 қазанда Өскемен қаласында Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының облыстық конкурсы өтті. Сайыстың мақсаты: Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
Бұл байқауға Үлкен Владимировка орта мектебінің оқушысы қатысып, өз шығармашылық еңбегінің арқасында жүлделі үшінші орынға ие болып қайтты. Оқушыны байқауға көркем еңбек пәнінің мұғалімі Е.М.Чегибаев даярлап апарды. Барлық қатысушылардың арасында биология, химия секциясы бойынша біздің оқушы Маратова Фатима жүлделі 3 орынға ие болды.
Жеңімпазымызды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова

